"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС

Қазақстан Республикасы «Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығының 5 – тарауына (Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату) сәйкес  “Қараөткел ауылының мектеп - гимназиясы” КММ – де қамқоршылық кеңес құрамы жаңартылып құрылатынын хабарлайды.

Қамқоршылық кеңес мүшелеріне үміткерлер 13 ақпан мен 3 наурыз аралығында тиісті білім беру ұйымына өтініш тапсыруы тиіс.

Қамқоршылық кеңестің құрамына:  

1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;

3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса);

6)оқушылық өзін – өзі басқару органдарының өкілдері  кіреді.

Қамқоршылық кеңестің құрамына:

  • білім беру ұйымының басшысымен туыстық және жекжаттық қатынасы бар тұлғалар;
  • сол білім беру ұйымы қызметкерлері;
  • психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көзделген шектеулері бар тұлғалар кіре алмайды.

Қамқоршылық кеңестің құрамына үміткерлер Комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:

  1. Өтінім ( еркін түрде);
  2. Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Қазақ немесе орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
  4. Білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәлеметтер ұсынады.

 

  • Ескерту: Қамқоршылық кеңеске мүше болу үшін өтініштер Целиноград ауданыны бойынша білім бөлімінің басшысы  С. Искаковтың атына жазып жергілікті білім ұйымына өткізіледі.
Жаңартылған күні: 16.04.2019 09:06
Құрылған күні: 14.02.2024 09:15

Текст